Алаш мұраты және Тәуелсіз Қазақстан
Ақтоғай ауданы орталықтандырылған кітапханасы «Алаш» қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойына арнап «АЛАШ МҰРАТЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Қазақ үшін қабырғасы қайысып, тек тәуелсіздікке ғана емес, ойдың, білімнің, мәдениеттің тәуелсіздігіне ұмтылған тұлғаның ғұмыры ғибратқа толы. Ұлт көсеміне арналған кітап көрмесінің де мақсаты оқырман қауымды Әлихан туралы жан-жақты тың мағлұматтармен таныстыру. Көрме «Біртуар дара тұлға», «Алаш арыстарын ардақтайық», «Ғасырға бергісіз жылдар» деп аталатын 3 бөлімнен тұрды. Оған Әлихан Бөкейхан шығармаларының толық жинақтары, мерзімді баспасөз беттеріне жарияланған материалдардың жинақ папкалары, оқырмандар арасында өткізілген шығармалар мен арнаулар байқауының жинақтары, Қарағанды облысының 80 жылдығына арналған және ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған кітаптар қойылды.
Количество посещений: 3839
ІІ место в конкурсе "Мир сказок"
На областном конкурсе аудиосказок для детей с нарушениями зрения «сказочный мир», организованном Карагандинской областной…
Великий ученый казахского народа
Отделом читального зала районной централизованной библиотеки проведен информационный час "Зоркий ученый казахского народа",…
Күш атасы- Қажымұқан
Отделом читального зала районной централизованной библиотеки был проведен познавательный час среди читателей, посвященный первому…
С праздником Наурыз
В честь великого праздника -Наурыз на Алашской площади был устроен дом, накрыт дастархан и проведен круглый стол на тему: "с праздником…
Тогызкумалак
Тогызкумалак-математическая игра, развивающая мышление человека. В эту игру играли такие ученые, как Ибрай, Шокан, а также великий Абай…