Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

«Бір ел – бір кітап 2023» республикалық акциясы

Қазастақнда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізілуде.

Республикалық деңгейдегі дәстүрлі акция биыл оқырмандар арасында он жетінші мәрте ұйымдастырылуда.

Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағытталған. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.

2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді.

Танымал жазушы, белсенді қоғам қайраткері Төлен Әбдікұлы қалың оқырмандарға да әдеби ортағада кеңінен танымал. Оның талантының ерекше екендігіне оның тереңнен толғап, жүректен қозғап жазған шырайлы шығармалары дәлел. Жазушының алғашқы жарияланған әңгімелерінен, соңғы жазған романдарына дейін, жұртшылықтың жүрегінен жол тауып, оқырмандардың сүйіп оқитын шығармаларына айналды. Қаламгер Төлен жазған пьесалар бойынша спектакльдер қойылды, сценарийлары бойынша кинолар түсірілді. Бұл туындылардың бәрі де көпшілік көңілдерінен шығып, ел құрметіне бөленді.

Жазушы Төлен Әбдікұлы 1942 жылы Қостанай облысы Жангелдин ауданы, Айса Нұрманов шаруашылығына қарасты Көлқамыс ауылында дүниеге келген.

1960 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Университетті аяқтаған соң, «Қазақстан пионері», «Жалын» альманахының редакцияларында қызмет жасады.

1977 жылы «Қазақфильм» киностудиясының редакция коллегиясының бас редакторы болып тағайындалды.

1979-1989 жылдары Қазақстан КП Орталық комитетінің мәдениет бөлімі нұсқаушысы, сектор меңгерушісі болды.

1989-1991 жылдары «Қазақ

 әдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы болып тағайындалды.

1994 жылы Елбасы Н. Назарбаевтың басқаруымен ҚР Президентінің мәдениет саласындағы көмекшісі болып тағайындалды.

1997 жылдан күні бүгінге дейін Төлен Әбдікұлы Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет етеді. 1973 жылдан бері Жазушылар одағының мүшесі. Оқырманын ойға жетелейтін, дүние сырына тереңірек үңілдіретін, шығармаларын қазақ баласы сүйініп оқитын жазушының қаламынан «Көкжиек» (1969), «Күзгі жапырақтар» (1971), «Ақиқат» (1974), «Айтылмаған ақиқат» (1980), «Оң қол» (2002) атты әңгімелер мен повестер жинақтары, «Өлара» (1985), «Ақшоқыда қыс қатты» (1987) романдары таңдамалы шығармаларының екі томдығы (1992) жарық көрді.

«Біз үшеу едік» атты қойылымы республика театрларында үздіксіз жүріп жатыр. Кинодраматургия саласында да атсалысып, «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт» повесті бойынша «Өтелмеген парыз», «Белгісіз ұлдың тағдыры» атты көркем фильмдердің сценарийлерін дайындады. Шығармалары бірнеше шет тілдеріне аударылып орыс тілінде «Истина» атты кітабы екі рет басылып шықты. Т. Әбдіков грек аңыздары «Эллада ерлерін» (1977) қазақ тіліне аударған. Бірнеше шығармалары шетел тілдеріне аударылған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2002). Халықаралық Ф. Кафка атындағы Қазақстандағы ПЕН клуб сыйлығының лауреаты (2003). Еуропалық алтын медальдің (2003), Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері (2004).

Қаламгер кино өнері мен театр өнеріне де өзіндік үлес қосқан, онда да айтарлықтай табысқа жетті.

 Төлен Әбдікұлы – іскер, ізденісі мол қоғам қайраткері. Еліміздің егемендігін бекітіп, тілін, дінін, мәдениетін өркендетуге үлкен қоғамдық үлес қосып қоғамдық қызметтер атқарып келеді.

Төлен Әбдіковұлының шығармашылығымен жақынырақ танысқыларыңыз келсе, ШҚ облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының қорындағы әдебиеттерді алып оқуларыңызға болады.


Келулердің саны: 692713

Соңғы мақала

Раушанов Е. Жаздың жұпар жаңбыры. Эсселер, сұхбаттар.

02.05.2024

... .- Алматы. «Жазушы» баспасы,2023.-336 бет Кітапқа ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Есенғали Раушановтың әр жылдарғы, белгілі тұлғалар жазылған естелік-эсселері мен сұхбаттары топтастырылған. Кітап көпшілік қауымға арналған.

Толық

Битенова Ү. Ешкімге айтпаған сырларым

02.05.2024

... Битенова Ү. Ешкімге айтпаған сырларым .-Алматы. «Алматы -Болашақ» АҚ баспасы, 2023.-216 бет. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі ақын Ү…

Толық

Елғондинова З.Ай және Мен.... Өлеңдер.

02.05.2024

... Елғондинова З.Ай және Мен.... Өлеңдер./ ЗЕлғондинова. -Алматы. Қаратау КБ ЖШС, Дәстүр 2023.-480б Көрнекті ақын, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының…

Толық

Бақаш Ерғали Тылсым түн -Алматы.

02.05.2024

... Бақаш Ерғали    Тылсым түн -Алматы.   Алматы-Болашақ. АҚ,…

Толық

Салықбаева Г.Т. Тоқтарәлі. Жұмыр жердің жаннаты .

02.05.2024

... Алматы. «Әдебиет» баспа үйі, 2023.-232б.                        …

Толық

Бегманов Қ.Құланиек, құба таң Таңдамалы жыр кітабы.

02.05.2024

... Қасымхан Бегманов.-Алматы. «Мерекенің баспалар үйі»ЖШС, 2023.-480 бет. Ақын өлеңдерінде туған жердің таңғажайып суреттерін шынайы…

Толық

Нұрғалымұлы Ұларбек. Сөз тарту . зерттеулер, сұхбаттар, эссе, мақалалар

02.05.2024

... Ұларбек Нұрғалымұлы.- Астана. Фолиант, 2023,-320бет. Үш бөлімнен тұратын бұл кітапқа автордың зерттеу, сұхбат, эссе , мақалалары еніп отыр.…

Толық

Жақанов Илья. Інжу-маржан.

02.05.2024

... «Күлтегін» баспасы. 2023.-320 бет.    Бұл басылымға қазақ әндері жайында Илья Жақановтың жинаған материалдары, зерттеулері еніп…

Толық

Жаубай Е. Қазақтың жылқыға қатысты мақал-мәтелдері (Арғымақ антологиясы. Күлтегіннен күні бүгінге дейін).

02.05.2024

... Құраст. Ержан Жаубай.-Алматы. ЖК «Тарпанбаева А. Ш.» 2023.-400бет.                     …

Толық

Құрманғалиқызы Ә. Әулет пен нәубет.

02.05.2024

... Құрманғалиқызы Ә. Әулет пен нәубет./ Әмина Құрманғалиқызы.-Алматы. ЖШС РПБК. «Дәуір»,2023.-464…

Толық