Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Жобалар мен бағдарламалар

«БІР ӨЛКЕ – БІР КІТАП»  АКЦИЯСЫНЫҢ  Е Р Е Ж Е С І
 
 Жалпы  ережелер
1.1.Ереже  «Бірөлке- біркітап» акциясын өткізутәртібін, мәртебесі мен мақсат-міндеттерін айқындайды. 
1.2.Акцияны ұйымдастырушылар:
 
• Ақтоғай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі 
1.3.Акцияның  мақсаты:
 
  Оқу мәдениетіндамытужәне қолдау, тарихи-мәденижәнеруханиқұндылықтардысақтау,  жастар мен  қалың  жұртшылық  арасындаең   үздік  өлкелік  әдеби   туындыларды  кеңінен  насихаттау  мақсатында жыл  сайын  
«Бірөлке- біркітап»   акциясын  өткізу.    
 
1.4.Міндеттері: 
• Жыл  сайын  өлкедегі  ең  үздік  туындыны, жергілікті  ақын-жазушы,  қоғам қайраткерінің бір шығармасын насихаттау,  жастарды отандық әдебиетке, классикаға,  қазіргі  әдебиет  пен  поэзияға  деген  сүйіспеншілігін  ояту,  олардың  оқу  мәдениетін  қалыптастырып,  жетілдіру. 
•Аудан көлеміндегі  мемлекет  және  қоғам  қайраткерлерін, ғалымдарды, оқу ісіне қатысы бар басқа да мамандарды оқу мәселесін ілгерілетуге тарту.  
1.5.Акция  мазмұны:
 
Акцияны  өткізу  үшін  ауызша,  телефон  арқылы  сұрау  немесе  сауалнама  жүргізу  арқылы   кітапханаларда,  оқу   орындарында,  ұйымдарда,  мекемелерде  азаматтардың  ұсыныстарын  білу  жолымен  кітап  таңдалады. 
      Аудан  жұртшылығы  бір  кітапты  бір  мерзімде  оқып  шығады  және  талқылайды.  Осы  кітапты  насихаттау  үшін  түрлі  іс-шараларөткізіледі.
1.6.Акцияға  қатысу  үшін  іріктелетін  кітап:
 
а) ұлттық  гуманизм идеялары  мен  жалпы  азаматтықты,  тарихи-мәденидәстүрлерді, тарихи  тамырластық пен осы заманғыеліміздіңдамуын  бейнелейтін; 
б) жанрлық  жағынан  сан  алуан; 
в) көркемдік  құны  жоғары; «  »__________2011ж. 
г) барлық  жастағылар  үшін  қызықты; 
д) кітапханалар  мен  кітап  дүкендерінде  саны  жеткілікті; 
е) пікір  сайыс  туғызуға  ынталылық  тудыратындай  болуы  қажет. 
Акцияға  қатысу  үшін  БАҚ  өкілдері,  басқа  да  шығармашылық  бірлестіктер  мен  жеке  тұлғалар  шақырылады. 
  
2.Акцияға  әзірлік  пен  оны  өткізу  жетекшілігі
2.1.Акцияны  ұйымдастырып өткізу үшін құрамына облысқа танымал ақын-жазушылар, ғалымдар, қоғам және мәдениет қайраткерлері кіретін  ұйымдастыру  комитеті  құрылады. 
2.2.Ұйымдастыру  комитеті:
 
• Акцияны  өткізу  үлгісін,  мерзімі  мен тәртібін  анықтайды; 
• Акция  үшін  таңдалған  кітапты  бекітеді; 
• Акция  нәтижелерін  бекітеді; 
• БАҚ-қа  арнап  хабарлама  дайындайды. 
2.3.Акция  ұйымдастыру  комитеті  белгілеген  күні  өткізіледі.
 
2.4.Акцияның  өткізілуін  жүзеге  асыру  үшін  акцияны  ұйымдастыратын  және  өткізуіне  тікілей  жауапты  жұмыс  тобы  құрылады.
 
  
3.Акцияға  қатысу  тәртібі
3.1.Акцияға  аудандық  барлық  тұрғындары,  барлық  оқу  орындары,  кез  келген  ұйымдар  мен  мекемелер  қатысады. 
3.2.Акция  барысында  өткізілетін  шара  түрлері  сан  алуан  болуы  мүмкін: сынып  сағаттары, оқырмандар  конференциясы,  әдеби  кештер, кітап  жайлы  көрсетілімдер  мен  талқылаулар, жазушылармен, актерлармен  кездесулер, флэшмобтар, буккроссинг, телемарафондар, клуб отырыстары,  инсценировкалар,  спектакльдер  және  т.б.
 
  
4.Өткізілу  уақыты
4.1.Акцияны өткізу мен әзірлікнауқаны акция жарияланғанкүнненбасталады. Дайындық  кезеңінде  акцияны  өткізу  бойынша  әдістемелік  ұсынымдар-плакаттар,  кітап  туралы  буклеттер, үнпарақтаршығарылады.  
4.2.Акцияны  өткізу  уақыты
 
  
5.Қорытындылау
5.1.Акция  қорытындысын жіберілген материалдар бойынша ұйымдастыру комитеті  шығарады. 
5.2.Қорытындылау  үшін  қабылданатын  материалдар:
 
- іс-шараларды  сипаттау; 
- видео жәнефотоматериалдар; 
- мультимедиалықматериалдар; 
- кітапхана  сайттарына  берілген  ақпараттық  материалдар. 
5.3.Акцияға  қатысу  әдістеріне  ұсынылған  шығарманы  қалыңоқырманға  талдап  жеткізудің  нақты  жолдарының  көрсетілуіне  өткізілген  шаралардың  мазмұнына  тұрғындардың  түрлі  топтарының  акцияға  неғұрлым  көбірек  тартылуына  басты  назар  аударылады.
 
5.4.Аяқтау  кезіндеАкцияның ең  белсенді  қатысушылары  анықталады  және  қорытындысы  шығарылады. Акцияның  өткізілуіне  белсене  ат  салысқан  ұжымдар, мекемелер,  кітапханалар  және  тұлғалар  облыстық  мәдениет  басқармасының  арнайы  дипломдарымен  марапатталады.
 
5.5.Қорытынды  хабарлама  кітапханасайттарында,  облыстық  БАҚ-да  жарияланады.

Келулердің саны: 8544