Қазіргі Ақтоғай ауданы орналасқан өңірді Ұлы Октябрь революциясына дейін үш болыс ел мекен еткен. Ол кезде адамдар рулық, туыстық белгілеріне қарай шоғырланып, Тоқырауын, Қотанбұлақ, Балқаш болыстары болып бөлінген. Олармен жер жағынан іргелес, әрі көршілес Нұра ж\е Темірші болыстары болды. Мал жайымен қыс қыстауға, жаз жайлауға кетіп, жиі жұрт ауыстырғанымен бес болыс елдің Тоқырауын ортақ атамекені, құтты қонысы еді. Бүгінде Ақтоғай елі сол ұрпақтың қаймағы бұзылмай, өсіп-өркендеп отырған үрім –бұтағы. «Бүкілодақтык Орталық Атқару Комитетінің 1930 жылғы 17 желтоқсандағы қаулысымен Қарқаралы округі таратылып Қу ауданы мен Берікқараның бір бөлігі Қарқаралы ауданына берілді Тоқырауын ауданы Қоңырат ауданы болып қайта құрылды Жаңадан ұйымдасқан Қоңырат ауданын территориялық әкімшілік жағынан Алматы обылысына қарату жөнінде Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің жеке қаулысы қабылданды».Қазақ ССР Орталық мұрағатынан алынған құжаттардан осындай деректерді кездестірдік. Бұған дейін 1928 жылы Тоқырауын ауданының құрылғандылығы жөнінде мұрағат құжаттары сақталмаған екен. Осылайша бүгінгі Ақтоғай /бұрынғы Қоңырат\ ауданы 1930 жылы 17 желтоқсанда ұйымдастырылған. Ауданның Қоңырат аталуы да кездейсоқ еместін. Жаңа аудан әкімшілік – территориялық жағынан сол кезде жаңа ұйымдастырып жатқан Қоңырат руднигіне бағындырылды. Қоңырат ауданының орталғғы Дуаншиден Шатырша тауының беткейіндегі қос жағасы ақ қайыңды Тоқырауын өзеніне тоқайласып жатқан қыратқа аударды. Бұрындары бұл жер ақ қайыңы сыңсып, тоғайы тығыз болғандықтан «Ақтоғай» аталып, ең ірі «Башысы» серіктерінің орталығы еді. Кейін аудан орталығы болуына байланысты «Оян», «Сәуле» қосшылары, таяу мңдағы елді мекендер «Басшы» ұйымымен қосылып, ірілендірілген. 1932 жылдың 20 ақпанында Қазақстанда округтер таратылып, 6 обылыс құралды. Жаңадан құрылған Алматы облысының құрамына 1932жылы 10 наурызда Қоңырат ауданы Ақтоғай селосы болып кірді 1934 жылы 4 шілдеде Қарқаралы округі қайта құрылып Қоңырат ауданы осы округе берілді 1934–35 жылдардан бастап аудан орталығы қазіргі орынға салынды.1937 жылы Қоңырат ауданы әкімшілік ж\е территориялық жағынан Алматы обылысынан ауыстырып, жаңадан құралған Қарағанды облысының құрамына берілді. Бұл кезде аудан шаруашылықтары едәуір нығайып, халықтың тұрмысы да біршама жақсара бастаған. Аудан орталығында жаңа үйлер, төбесі шатырланған кеңселер салынып, май тартып, пима жасайтын кәсіпорындар жұмыс істей бастады. Сол уақыттағы деректерге қарағанда аудан орталығында 230-ға тарта үй болыпты, халқының саны алты жарым мыңдай екен.1962 жылы Шет, Қоңырат аудандары қосылып Ақтоғай ауданы деп аталды.1996 жылы Тоқырауын ауданы жабылып, Ақтоғай ауданының құрамына енді.
Келулердің саны: 10019
Алаштың ақтаңгер ақын - Абзал
Аудандық орталықтандырылған кітапхана оқу залы бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі…
Әке-шаңырақтың тірегі
Кітапханада әкелер күніне орай "Әке -шаңырақтың тірегі" тақырыбында кездесу сағаты өткізілді.Мақсаты,отбасындағы әке мен ер азаматтың…
16 МАУСЫМ - ӘКЕЛЕР КҮНІ
Әке - асқар тау. Әрбір жанның өмірдегі тірегі. Арқа сүйері, қоғамдағы әкенің беделін арттыру, әке мен бала арасындағы шексіз махаббатты…
Әкешім асқар тауым
Кітапханамызда “Әкешім асқар тауым” атты дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Ата-аналарға бала тәрбиесіндегі әкенің алар орнының…
Әке- шаңырақтың тірегі
Ақтоғай аудандық балалар кітапханасы 18 маусым Әкелер күніне орай "Әке- шаңырақтың тірегі" атты тақырыпта тәрбие сағаты өткізілді.…
Гюго .В. Аласталғандар
Гюго .В. Аласталғандар/В Гюго ,ауд. ЗӘбдешов.-Нұр-сұлтан.Фолиант. 1-том. Роман .2020.-736 б. Француздың ұлы жазушысы В Гюгоның кең ауқымды…
Гюго В. Аласталғандар
Гюго В. Аласталғандар/ Виктор Гюго , ауд. С Абдрахманов. – Нұр-Сұлтан. Фолиант, 2- том.2021.-672 б. Француз жазушысы Виктор Гюгоның…
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз . роман/С Мұқанов.- Нұр- Сұлтан. Фолиант, 1-кітап.- 2021.-448 б. С…
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында . роман/Ч Диккенс , ауд. Г .Исмағұлова.-Астана. Фолиант, 2023.-488 б. Ағылшын жазушысы Чарльз Дикеннстің…
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы.
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы. Алматы. «Мазмұндама» қоғамдық қоры,2021.-260 б. Ғұмырыңыз мәнді, мағыналы…