Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Әдебиет порталы

«Әдебиет порталы»  http://adebiportal.kz

«Әдебиет порталы»  Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің қолдауымен «Қазконтент» Акционерлік қоғамтарапынан әзірленді.

Интернет желісіндегі өз бағыты айқын бұл бірегей жаңа жоба – қазақ елінің мәдени, тарихи және әдеби мұрасына қызығушылық танытатын әлемнің түпкір-түкпіріндегі интернетті белсенді пайдаланатын көзіқарақты оқырман қауымның басын біріктіретін онлайн әдеби платформа. Веб-порталдың негізгі мақсаты – жас ақын-жазушыларға ақпараттық қолдау көрсетіп, қазақ әдебиетін интернет әлемінде жүйелі түрде насихаттау. Порталда қазақ және әлем әдебиетінің үлкен электронды қоры жинақталған. Әдебиетшілер мұндағы кітаптарға онлайын түрде пікір, рецензия қалдыра алады. Портал энциклопедиялық қызмет атқарады. Бұл жерде әр авторға жеке бет арналған және олардыңшығармашылығына қатысты барлық деректер топтастырылған. Әр автор өз шығармашылығын ұдайы дамыту мақсатында әдеби блог жүргізу мүмкіндігі де қарастырылған. Порталда жас авторлар үшін арнайы «Жас авторлар мінбері» айдары және «Ашық мінбер» блогы да ескерілген. «Әдебиет порталы» – әдебиет сүйер қауымның бірегей коммуникациялық платформасына айналмақ. Оқырмандарға төрт тілде: қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде қызмет көрсетеді.

«Әдебиет порталы» – тек онлайн кітапхана ретінде ғана емес, кәсіби ақын-жазушылар мен жас авторлар үшін де бірегей коммуникациялық әдеби алаң болып табылады. Порталда «Аударма», «Мазмұн», «Хат», «Иллюстрация»және «Поэзия әлемі» жобалары шеңберінде белсенді түрде әлемдік шығармаларды қазақ тіліне аудару және қазақ әдебиетін басқа тілдерге аудару, әдебиет тұлғаларының құнды хаттарымен танысу, әдеби шығарманың қысқаша мазмұнын жазу, сонымен қатар, сүйікті өлеңді мәнерлеп оқу мен әдебиетте иллюстрацияны – жаңаша бір қырынан қарауға қол жеткізеді.

«Әдебиет порталында» балалар мен жасөспірімдер де ерекше назарда. Оларға арналған аудиокітаптар мен танымдық энциклопедиялар, ертегілер мен аңыздар топтастырылған «Балалар әдебиеті» тарауы дайындалған.

Бұдан басқа да Порталда тағылымды дәйексөздерді табуға, әдеби журнал оқуға, сүйікті кейіпкер жайында тереңірек білуге және мәдениет қайраткерлері мен ақын-жазушылардан алынған сұхбаттарды оқып, аудиокітаптарды тыңдауға болады.


Келулердің саны: 8556