Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Домбыра Party, «Асфальтта сурет салу»,«Басқатырғыштар базары »

Домбыра Party, «Асфальтта сурет салу»,«Басқатырғыштар базары»

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ақтоғай ауданы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен және Ақтоғай ауданы өнер мектебінің қолдауымен «25 жылдыққа −25 шара» атты акция өз жұмысын бастады. Сол акция аясында «Буккроссинг», «Кітапханаға саяхат» атты экскурсия, «Мейкерспейс» шаралары өтіп, әлеуметтік желілерде «QR-код жұмбақтар», «ФЛЕШБУК» байқаулары жарияланды. Шараларымыз әрі қарай жалғасын табуда. «25 жылдыққа −25 шара» атты акциясының «Домбыра Party», «Басқатырғыштар базары», «Асфальтта сурет салу» деп аталатын кезекті бөлімдері Ақтоғай ауданы мәдениет үйінде өткізілді. 
Көрнекілігі: Жаңа әдебиеттер көрмесі, баннер, шар, мольберт.
Домбыра Party (Домбыра пати) — қазақтың ұлттық аспаптарын, соның ішінде жалпыхалықтық саз құралы ретінде домбыраны, ұлттық музыканы, ұмытыла бастаған игі дәстүрлерді қайтадан сәнге айналдыру және жалпы қазақшылықты насихаттау мақсатында туындаған флеш-моб форматындағы қозғалыс. Ауданымызда алғашқы рет ұйымдастырылап отырған мұндай шараның бастамасын Сейсекеев Марғұлан Еламанұлы жетекшілік ететін Өнер мектебі, домбыра сыныбының шәкірттері бастап берді. Қазақтың киелі аспабын серік еткен өнерпаздар, келген қонақтарды қоңыр күйдің әуеніне еліктіріп әкетті.
Шарамызды әрі қарай «Асфальтта сурет салу» бөлімі жалғастырды. Бейнелеу өнері- көркемдік талғам қалыптастырудың өзекті құралы ретінде баланы өз халқының эстетикалық мұраларын игеруіне, халық өнерінің айшықты туындыларынан ләззат алуға, рухани дамуына және халық талантын қастерлеуге, сүйе білуге баулиды. Осындай мақсатта ұйымдастырылған бұл бөлімге даярлық сыныбы оқушыларынан бастап, 7-сынып оқушыларына дейін қатысты. Тәуелсіздік тақырыбында сурет салған балалар, асфальтты өз қиялындағы әсем бейнелермен әспеттеді.
Кешімізді «Басқатырғыштар базары » ойыны аяқтады. Мұнда әртүрлі жастағы оқушылар, әртүрлі деңгейдегі басқатырғыштарды шешуден сайысқа түсті. Миды жаттықтырудың тиімді жолдарының бірі – әралуан басқатырғыштарды, сөзжұмбақтарды шешу мидың қабілеттерін күшейтеді.Ойлау қабілетін дамытады. Осындай ой өрісімізді кеңейте түсетін басқатырғыштарды шешу нәтижесінде логикалық ойлау қабілетімен, шапшаңдығымен көзге түскен Сағат Нұрсәуле I орын, Досмақова Дилназ II орын, Дәулет Ақнұр III орын иегерлері атанды.
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «25 жылдыққа −25 шара» атты акцияның осы үш бөліміне белсене қатысқан оқушылардың барлығына Алғыс хаттармен сый-сыяпаттар табысталды.
Жоспар бойынша келесі кезекте «Флешмоб», «Сарыарқа 100 томдық » кітаптарының тұсаукесері, жылжымалы кітап көрмесі, қайырымдылық қор, дөңгелек үстел, танымдық сағат, дәмхана, ревю, буриме, кемпинг,пресс-рулетка, стихобаттл, фолдер, ретро көзқарас,оқырман театры, қорытынды шаралары өткізілетін болады.

Келулердің саны: 3248