Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Универсиада –үкілі үміттер бәйгесі

  Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында   « Универсиада –үкілі үміттер бәйгесі» атты тарихи сағат өткізілді.

  Мақсаты: Универсиаданың мән-маңызымен мен оның халықтар арасындағы достықты нығайтуға, қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастырудағы атқаратын рөлін, өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуін, Қазақстан спортшыларының жеткен табыстарын мақтаныш сезіммен жеткізу.

   Универсиаданың  міндеті –спорт білім беру жүйесінің маңызды элементтерінің бірі ретінде ілгерілету.

   Көрнектілігі; «Қош келдің, Универсиада!» кітап көрме ұйымдастырылды. Оқырмандарға арнап слайд көрсетілді.Оқырмандарға шолу оқылды.

   Студенттік бұл спорт түрінің тарихы 1905 жылдан басталады. Осы жыл АҚШ-та студент жастардың алғашқы халықаралық жарысы өтті.Бірінші Дүниежүзілік  студенттік ойындар 1923 жылы Парижде ұйымдастырылды.Алайда, Универсиада деген атауалғашқы спорт жарысы 1959 жылы Италияның Турин қаласында өтті.Содан бергі кезеңдеУниверсиада әлемдегі ең айшықты халықаралық бұқаралық спорт және мәдени оқиғалардың біріне айналда.Универсиаданы Алматыда өткізу туралы ресми шешім 2011 жылғы 29 қарашада Брюссельде Халықаралық университеттік спорт федерациясында өткен дауыс беру нәтижесінде қабылданды.Осылайша,Алматы бұрынғы кеңестік кеңістік елдерінің ішінде бірінші болып,2017 жылы өтетін ХХV11 қысқы Универсиаданың астанасына айналды.Бұған дейін1973 жылы Мәскеу және 2013 жылы Қазан қаласы жастардың тек жазғы спорт ойындарынқабылдаған болатын.Универсиада туын Алматы қаласына беру салтанаты рәсімі 2015 жылғы 15 ақпан Испанияның  Гранада қаласында өтті.Алматыда өтетін 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқыуниверсиаданың тұмары ретінде сұңқар таңдалды.Тұмарды ұсынушылардың пікірінше , сұңқар жылдамдықты жеңілдікті,күш- қуат пен жеңіске деген құлшынысты бейнелейді. Логотип айқын көрнетін динамикалық пішіні бар сұқар қанаты түрінде жасалған.Осы символға орай,Алматыдағы Универсиаданың ұранына «Қанатыңды  кең серпі» тіркесі таңдалды.ХХV111 қысқы Дүниежүзілік универсиада 2017 жылы 28 қаңтар мен 80ақпан аралығында өтеді.Алдын ала мәлімет юойынша ,оған FISU альянсына кіретін 50 елден бес мыңнан астам студент қатысады.Шамамен үш мыңға жуық еріктілер қатарын жұмылдыру жоспарлануда.Қазақстанның студенттік құрамасының сегіз қысқы Универсиадағы қатысқан тәжірибесі бар.Осы уақыт аралығында Қазақстан құрамасы қоржынына  43 награда салды.

     


Келулердің саны: 3874