Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

"Асыл әжем, ақ әжем ақ жаулықты дана әжем"

Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы.

Осыған орай Ақтоғай аудандық орталықтандырылған кітапханада 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай "Асыл әжем, ақ әжем ақ жаулықты дана әжем" атты әжелер сайысы болып өтті.

Сайыстың мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету. Зейнетке шыққан әжелерімізді осындай сайыстарға шақырып, көңіл бөлу.

Сайыстың міндеті:8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.

Сайыстың көрнекілігі: Оқу залы мерекеге сай әсем безендірілген. Слайд көрсетілді.


Келулердің саны: 3016