Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Діни экстремизм жастарға қандай қауіп төндіреді?»

Ақтоғай аудандық орталықтандырылған кітапханада «Экстремизм және терроризм» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті. Келген оқырмандарға идеологиялық тақырыптарға арналған ақпарат көздерімен таныстырылды, жалпы экстремизм мен терроризм терминінен мәлімдеме жасалды. Жастарға діни экстремизмге қарсы күрес жолдары тұрғысында мәліметтер берілді. Сонымен қатар тақырыпқа сәйкес еліміздің БАҚ өкілдері дайындаған видеоролик, сондай-ақ «Асыл арна» дайындаған терроризмге жол жоқ атты ролик көрсетілді. Соңында кітапхана оқырмандары М.Асылмұрат пен А.Қасымхан қысқаша ой-пікірлерін білдірді.

 

Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 4-маусым Мемлекетік рәміздер күніне байланысты «Сен құқық туралы не білесің? атты тақырыпта Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектептің 2-4 сынып оқушылар арасында тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын қадірлеуге, әрқашан жоғары ұстауға, еліміздің мемлекеттік рәміздерінің қадір –қасиетін оқырмандарға ұқтыра отырып, оларды ұлтжандылыққа, ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Оқушыларға Мемлекеттік Рәміздер туралы сұрақтар қойлып, тақырыпқа сай видеороликтер көрсетілді. Әр оқушы қойылған сұрақтарға тыңғылықты жауап беріп, шараға белсене атсалысты.


Келулердің саны: 3319