Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Нашақорлық тұйыққа апарар жол

         Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапханада «Нашақорлық тұйыққа апарар жол» атты анкеталық сұрақ жүргізілді.

Мақсаты: Оқырмандарды жат әдеттерден, ішімдіктерден, нашақорлық, шылым шегушіліктен сақтандыру, денсаулыққа зияндылығын түсіндіру. Салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу. Тазалыққа, сұлулыққа баулу.

Кітапхана кітапханашылары А. Жұмажанова мен Г. Қайыржан аудандық жастар ресурстық орталығына анкеталық сауалнама жүргізді. Сондай-ақ аудандық К.Байсейітова атындағы жалпы білім беретін мектептің 11 сынып оқушыларына «Нашақорлық ғасыр індеті» атты кітапкөрме таныстырылып, оның зияндылығының қандай екендігі түсіндірілді. Сонымен қатар кітапханамызға келген оқырмандардан сауалнама жұмыстары жүргізілді. Анонимді сауалнама жүргізу барысында 99% зиянды әдеттердің денсаулыққа еш пайда әкелмейтіндігінен хабардар.

         Ел боламын десен, бесігіңді түзе,- деп бекер айтапас керек. Қазіргі таңда біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек. Ал барлық жігер, қайрат, еліміздің болашағы тек жастардың қолында. Елбасымыздың Халыққа Жолдауында: Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр,-деп , жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сондықтан әр отбасы өз баласын қандай да зиянды әдеттерден аулақ бол, мемлекетке қызмет ету сенің парызың деп тәрбие берсе нұр үстіне нұр.


Келулердің саны: 3151