Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Оразаң қабыл болсын ұстаған жан

Айлардың сұлтаны болған – қасиетті рамазан айыда аяқталды. Рамазан барша мұсылман қауымының сағына күтіп, қимай қоштасатын  құлшылық айы болып табылады. Себебі, адам баласының тәнін тазартып, жан-дүниесін тәрбиелейтін ораза құлшылығы осы айда Раббымыз тарапынан парыз етілген. Ораза – барша пенденің жаны мен қоса тәнін де тәрбиелейтін құлшылық. Ол адам баласын жат қылықтардан сақтандырады. Құранда Алла Тағала былай дейді:«Ей, иман еткендер! Күнәлардан сақтанып, тақуалыққа жетулерің үшін сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді»(«Бақара» сүресі, 183-аят). Демек, оразаның негізгі мақсаты – мұсылманды рухани кемелдендіріп, тақуалыққа жеткізу. Ал ораза айында бір жұтым су мен бір түйір құрманың қадіріне жеткізетін аузы берік өзге де мұсылман бауырларыңызға ауыз ашар жасап екі есе сауапқа кенеле аласыз. Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Ораза тұтқан адамды тамақтандырған адам ораза тұтқанмен бірдей сауапқа кенеледі».

Осыған орай кітапханада жыл сайын дәстүрге айналған кезекті ауызашар берілді. Ақтоғай аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымы ауызы берік жандарға ауызашар дастарханын ұйымдастырды. Кітапхана директоры З.Сәтекова келген қонақтарға рахмет айта отырып, ораза айының жеңіл болуына тілектестік білдірді. Келген қонақтар Рамазан айымен құттықтап, жақсы лебіз тілектерін білдіріп тарқасты. 

Т.Аманбеков,

Ақтоғай ауданының тұрғыны.


Келулердің саны: 2746