Угар (Мұқатай) Жәнібеков
Угар 1887 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Қызыларай кеңшарында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген.
Бала кезінде 10 12 жасқа келген соң бай жалшылығында болып қой қозы баққан. 16 жастағы жас бала 1903 жылы саудамен жүрген татар саудагерлеріне еріп Петропавл (Қызылжар) Омбы қалаларына келеді. Онда өмірінің жаңа кезеңі басталып, жұмысқа орналасады. Саяси сауаты ашылып, таптық көзқарасы қалыптасады.
1905 жылғы революцияға қатысушы және жетекшілерінің бірі Василий Кузнецовтың қызы Натальяға үйленеді. Натальяның ағасы Андреймен бірге большевиктердің астыртын ұйымына қатысады, тапсырмаларды орындайды. 1912 жылы 4 апрель күні Шығыс Сібірдің сақылдаған аязында Лена кеніндегі 3 мыңнан астам жұмысшылардың ереуілі болды. Ереуілде солдаттар қару қолданып, бүкіл еңбекшілердің ыза кегін қайнатқан атақты Лена қанды қырғыны басталады. Угар Жәнібеков осы Лена оқиғасына қатысқан. Сонда патша жендеттерінің оғы тиіп жараланған, тұңғыш қазақ. Осы оқиғаға қатысқаны үшін патша соты 12 жылға айдауға жібереді. 1913 жылы шыққан «Қазақ» газетінде осы оқиға жақсы баяндалған. Октябрь революциясынан (1917 ж.) кейін болған азамат соғысы кезінде Солтүстік Қазақстанды патшаның гвардия әскерлерінен тазартуды ұйымдастырушылардың бірі болған. Осы ұрыстарда жасаған ерлігі үшін «Угар» деп аталасың деп партизан құрамасының командирі арқаға қағып атақ берген. Революциядан кейін жауапты қызмет істеген.
1932 жылы Угар (Мұқатай) Жәнібеков ауыр науқастан қайтыс болды.
Келулердің саны: 34
«Үйшікей» ертегі кітабына 20 жыл
Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастырумен «Үйшікей» ертегі кітабына 20 жыл (2005) толуына орай К.Байсейітова атындағы…
Жемқорлыққа жол жоқ
Қуаныш ауыл кітапханасы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Жемқорлыққа жол…
Қазақ поэзиясының пырағы
Аудандық орталықтандырылған кітапхана оқу залы бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлінің…
Сыбайлас жемқорлық
Ақтоғай аудандық кітапханасы сыбайлас жемқорлыққа бағытталған "Сыбайлас жемқорлық" атты кітап көрмесі…
Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл
Мәдениет үйінде өткізілген Қазақстан Республикасының мәслихаттарына- 30жыл толуына орай Оқу залы бөлімі "Қазақстан…
Гюго .В. Аласталғандар
Гюго .В. Аласталғандар/В Гюго ,ауд. ЗӘбдешов.-Нұр-сұлтан.Фолиант. 1-том. Роман .2020.-736 б. Француздың ұлы жазушысы В Гюгоның кең ауқымды…
Гюго В. Аласталғандар
Гюго В. Аласталғандар/ Виктор Гюго , ауд. С Абдрахманов. – Нұр-Сұлтан. Фолиант, 2- том.2021.-672 б. Француз жазушысы Виктор Гюгоның…
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз . роман/С Мұқанов.- Нұр- Сұлтан. Фолиант, 1-кітап.- 2021.-448 б. С…
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында . роман/Ч Диккенс , ауд. Г .Исмағұлова.-Астана. Фолиант, 2023.-488 б. Ағылшын жазушысы Чарльз Дикеннстің…
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы.
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы. Алматы. «Мазмұндама» қоғамдық қоры,2021.-260 б. Ғұмырыңыз мәнді, мағыналы…