Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Әлихан Мусин

 

Тау, кен ісі саласындағы ғалым, техникалық ғылымдардың докторы/1957/, профессор /1959/, Қазақ КСР Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі /1958/, Қазақ КРС-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері/1961/. Ақтоғайдың түлегі. Мәскеу түсті металдар және алтын институтын бітірген соң /1937/ Қоңырат руднигінде, успенск руда басқармасында /1939-1941/, алтай полиметалл комбинатының Березов руда басқармасында жұмыс істеген. 1946 жылдан ҚазКСР ҒА-нда, 1949 жылдан өмірінің соңғы күндеріне дейін ҚазКСР ҒА-ның Тау-кен ісі институтының директоры болды. Ол 60-тан астам ғылыми еңбектің /үшеуі монография/ және 2 өнертабыстың авторы. Оның ғылыми еңбектері жер астынан кен қазып алу кезінде пайда болатын жер қыртысы қабаттарының қысымымен мен оның пайда болу заңдылықтарына арналды. Оған 1961 жылы Лениногор полиметалл комбинатының рудниктерінде қалың қабатты кендерді қолдан қауырт құлатуәдісін енгізгені үшін лениндік сыйлық берілген. «Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен награтталған.


Келулердің саны: 44