Арқаның ақиық ақыны Серік Ақсұңқарұлы 1950 жылы 29 наурыз күні Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданындағы «Қызыларай» сохозында дүниеге келген. 1986 жылдан КСРО Жазушылар одағының мүшесі.
1974 жылдан баспасөз орындарында қызмет істеген: Ақтоғай «Арқа еңбеккері», Талды аудандық «Шұғыла» газеттерінің тілшісі, бөлім меңгерушісі, 1981-1989 жылдары Қарқаралы аудандық «Коммунизм таңы» (қазіргі «Карқаралы») газетінің бөлім меңгерушісі, одан кейін облыстық «Орталық Қазақстан», 1990 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы облысаралық бөлімшесінің хатшысы. Ал 2000 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағы Қарағанды облыстық бөлімшесінің директоры болып тағайындалды. Шығармашылық жастардың республикалық «Жігер» фестивалінің (1980 ж.) лауреаты, Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиаты.
Серік Ақсұңқарұлы өлеңді 13 жасынан бастап жазған. Ол–бүгінде әдеби орта мен қалың оқырманның ілтипат-құрметіне бөленген «Көктем тынысы» («Жазушы», 1975), «Қарлығаш» («Жалын», 1977), «Жиырмасыншы ғасырдың жиырма сәті» («Жалын», 1984), «Жез тасқын» («Жазушы», 1987), «Қызыларай» («Жалын», 1990), «Ғасыр кардиограммасы» («Жазушы», 1990) жыр жинақтарының авторы.
С.Ақсұңқарұлының «Қазақстан» баспасынан 2000 жылы «Адам ата-Һауа ана» рух кітабы жарық көрді. Бұл кітапқа ақынның 1967-1998 жылдар аралығында жазған жырлары топтастырылған. Қазақ ауылының тыныс-тіршілігі ғана емес, ғаламдық, яғни жер жүзілік өзекті де өміршең мәселелерді арқау еткен ақын ойы ұшқыр да асқақ. Келісті де көркем оймен өрілген өлең жолдары оқырманын қалың ойға жетелеп, қашанда ұлттық, елдік мәселелермен тығыз сабақтасып жатады. Аталған өлең кітабының басты құндылығы–ұлттық рухты серпілтуі мен оянған ойға кең өріс, соны серпін беруінде.
Әдебиеттер тізімі:
Келулердің саны: 3329
Ертегілер әлемі байқауынан ІІ орын
Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы ұйымдастырған көру қабілеті бұзылған…
Қазақ халқының зор ғалымы
Аудандық орталықтандырылған кітапхана оқу залы бөлімінің ұйымдастыруымен Геолог- ғалым, минерология ғылымдарының…
Күш атасы - Қажымұқан
Аудандық орталықтандырылған кітапхана оқу залы бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан,…
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай Алаш алаңында кигіз үй құрып, дастархан жайылып, " Наурыз мейрамы құтты болсын!"атты кітап көрме…
Тоғызқұмалақ
Тоғызқұмалақ - адамның ойлау қабілетін дамытатын математикалық ойын. Бұл ойынды Ыбырай, Шоқан сынды ғұламаларымыз халыққа дәріптесе, ұлы…