Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Ахметқызы Аққыз

Ахметқызы Аққыз

(1897-1986)

Ахметқызы Аққыз 1897 жылы қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында, Тоқырауын өзенінің бойында Есалы деген жерде дүниеге келіп, 1986 жылы тоқсанға қараған жасында осы атамекенінен топырақ бұйырды.

Аққыздың əкесі Тобықты ішіндегі Ақсақ атасынан тарайтын Құбылтайдың Ахметі деген кісі Тоқырауын бойындағы мыңды айдаған дəулетті адам болыпты. А. Янушкевич жазатын Тұрсын мырза, Шөже ақын жырға

Қосатын Бегалының Жəңгірі сияқты ірі байлар мен Ахметтің заманы бір, қонысы іргелес. Бұрынғы дəстүрде, түйе түгілі кие тұтатын қазақ байлары тіл-көзден сақтанып, əрбір жүзінші түйенің сол көзін ағызып жіберіп отырған. Сонда түйелі байлардан түйесінің санын білгісі келгендер "неше соқырың бар?" деп сұрайтын болған. Егер, "үш соқырым бар" десе, онда үш жүз түйесінің болғаны. Құбылтайдың Ахметінде ұсақ малды былай қойғанда, тек түйенің өзінен он соқыры болса керек.

Яғни, мың түйе біткенғой. Ал, желқанат жылқы түлігі он үш мың басқа жеткен. Дəулеттегін адамға бітеме, Ахмет те ағайынға ақыл-парасаты мен жаққан, төңірегіне сыйлы адам болыпты. Əсіресе, өнерді кие тұтып, өнер адамды шашылып-төгіліп қарсы алады екен де Тоқа, Дайрабай, Ықылас, Əшімтай, Қыздар сияқты күйшілерді Ахмет бай жаз болса ерулікпен елеп, қыс болса соғымнан қалдырмайтын болған.

Аққыз болса, Ахметбайдың тоғыз қызының ең кенжесі, Атаның күшін, ананың сүтін сарыққан кенже болғандықтан Аққыз жас кезінен атқа мініп, бəйгеге шауып, еркекше болып, еркін өседі. Оның əубастағы шақырып қойған аты Мүгілсін екен, бір бетінен қақпай өсірген əкесінің ықыласына қақтөңірегі Аққыз атап кетеді. Желдей еркін өскен қыз дəулескер күйшілердің жанында мол өнерге жастайынан ден қояды.

Бұл орай Аққыздың ең көп тəлім алып, алдын көр ұстазы Əшімтай күйші. Əшімтайдың əй "Қоңырқазын" бүгінгі күнімізге жеткізушілерінің бірі осы Аққыз күйші. Ал, Аққыздың шəк Мағауия Хамзиннің тартуындағы "Қоңыр қаз күйін дəстүрлі қазақ музыкасының ас қазынасы десе, əсіресе болмайды. Ахметқызы Аққыз Арқаның күйші дəстүрін жастайынан құлағына сіңіріп, оған ынтыға ден қойып, бойжеткен кезде төңірегіне дəулескер домбырашылығымен танылады. Ерке өскен мінезді қыз Арқаның бұрау, теріс бұрау, тел бұрау, шалыс бұрау сияқты құлақ күйлермен тартылатын күйлерін еркін меңгеріп, өзі қатарлы домбырашылармен тізеқосып күй тартысқанда ұдайы өнерін асырып отырған. Талай реет додалы күй айтыстарына да түскен. Əрине, күймен айтысу үлкен өнерді қажет

етеді. Мұндай да өзгенің күйін көп білу оны келістіріп тарту жеткіліксіз. Ең бастысы жаныңнан шығарған күйлер мен қарсыласың мойын оздыруың керек. Аққыздың өзі шығарған күйлерін кезінде Қыздарбек Төребайұлы тыңдап батасын берген. Əсіресе, "Аққыз" деп аталған тырна қалды күйін сол кездің жастары қолдан қолға көшіре үйреніп, сүйіп тартатын болған. Сабырлы сыр мен нəзік ойнақылығы қосішек жарыса үнқататын бұл күй Аққыздың өзіндік қолтаңбасы жарқыны айғақ.

Ахметқызы Аққыздың өнерге алаңсыз беріліп мұңсыз-қамсыз кешкен ғұмыры

Мейлінше келте болған. Он жетінші жылғы төңкерістен кейін жел буаз ұраншылдық, елді жікке бөліп қырқыстырған таптық көзқарас, ұжымдастыру тəркілеу сияқты саяси əлеуметтік шаралардың бəрі ауқатты жанұялардың шаңырағына жалаңқылыштай үйірілгені белгілі. Мұндай нəубеттен Ахметбайдыңда отбасы қалмайды. Қатал заманның нысанасына ілінген ең алғашқы бес жүзбайдың бірі ретінде қорлық пен зорлықтың не бір сорақылығын бастан кешіп тəркіленеді. Сонсоң, көп кешікпей-ақ, репрессияға ұшырайды. Қыз ғұмырында көрген қызығы алдамшы түстей ғана болып, ата жұртта аһұрып Аққыз қалады. Мұнан кейінгі көрген қорлық тартқан азапты айтып тауысып болмас. 3 Есіл бұл адарын осылайша жанбай жатып сөнгендей, өнбей жатып солғандай күй кешеді. Қайран домбыраға қолсозуға қорыққан жылдарды бастан өткереді. Адам ғана емес, ұлттың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған өнер де репрессияға ұшырайды. Əйгілі "Зар Қос басарды"  дүниеге əкелген ауылдасы Əбди Рысбекұлы 1931 жылы тек күй тартқан үшін атылады. Дəл сол жылы "Наз Қос басардың" авторы, буынсыз күйші Айдостың Сембегі атылады. Оның да бар кінəсі күй тартқаны. Бұл сұмдықты көзіме нкөріп, жаны түршіккен Əбікен Хасенов шыбын жанын алып қашады... Осыдан кейін домбыраға қол созып көр. Бір кездегі домбыраны жастанып ұйықтайтын Аққыз, енді домбыра көрсе үрейленіп, зəресі ұшатын болады. Міне, күйшіліктің мың жылдық ұлы дəстүрі бір ғана ұрпақтың көз алдында осындай нəубетке тап болды.

Күйші əженің сезімталдығына қайран қалғанбыз. Қайран қала отырып, бүгінгі, болашақ ұрпақтың да күй құдіретінен дəл осындай мəн-мағына таба білуін армандап едік.

Бұл аңызды Серкебаев Жолкелді атамыздан естіп, жазып алынды.

Осынау басы ашық ақиқатқа күйші-домбырашы Ахметқызы Аққыздың (1897-1986) да өмірі мен өнері айғақ бола алады.

Сөз болып отырған Ахметқызы Аққыз - əлгі Итаяқ, Қыздарбек, Əшімтай бастаған күйшілер легінің шəкірті. Аққыздың қатары да селдіремес. Кешегі Манарбек Ержанов, Қали Байжанов, Əбікен Хасенов, Бегімсал Орынбеков, ДəулетМықтыбаев сынды арқалы өнерпаздар еске түседі.

Енді, мына қызыққа қараңыз. Аққыз күйшінің алдына отырып, саусағына

Саусағын шуда жіппен матастырып, домбыра үйренген күйші - Қазақстан

Республикасының халық əртісі Мағауия Хамзин. Ал, Мағауияның ондаған шəкірті күйшілікті өмірлік мұрат тұтып, бұл күндері ортамызда жүр. Сондай-ақ, Əпике Əбенова, Жақсылық Омашев, Тұрған Түсіпбеков сияқты ел ішіндегі күйшілік дəстүрдің туын ұстап жүрген азаматтар да тікелей Аққыз күйшінің алдын көрген, тəлім алған, Аққыздың өз құрсағынан туған жалғыз баласы Тілеужан да күйшілік өнердің парқын білетін жаны сергек азамат. Ұлттық өнердің темір қазығыболып табылатын рухани

Сабақтастық дегеніміз осы болса керек. Міне, бір ғана өңірдің мың жылға ұласқан күйшілік өнерінің шежіресі осындай. Нағыз өнердің уақыт пен кеңістік аясындағы өміршеңдігіне осы сияқты рухани сабақтастық айғақ болса керек.

  

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1)    Шертпе күйдің шебері (Тоқырауын тынысы 27.07.2007 6- бет)

2)    Өмірі күйлерімен өрнектелген (тоқырауын тынысы 15.06.2007 6-бет)

3)    Аққыз (орталық қазақстан)

4)    Ақ әже (тоқырауын тынысы 22.15.06.2007 6-бет)

5)    Аққыз күйшінің қызымын (тоқырауын тынысы 7.11.2002 6-бет)

6)    Есімін мақтан етемін (тоқырауын тынысы 06.07.2007 4-бет)

7)    Аққыз (Жас қазақ 29.06.2007 7-бет)

8)    Шертпе күйдің шаңырағы (арқа еңбекері)

 

Интернет қамбалары:

http://www.calameo.com/books/002530169e062908f0a6d
Аққыз

http://old-site.karlib.kz/saryarka_kyoi.pdf Сарыарқа күйшілері

http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D2%9B%D2%9B%D1%8B%D0%B7 Аққыз

http://i-news.kz/news/2012/01/25/6258606-ala_siyr_tylyp_zhane_akkyz_azhe.html «Ала сиыр, тұлып және Аққыз әже» 

http://egemen.kz/?m=20130602 «Ала сиыр, тұлып және Аққыз әже»

Аққыз күйшінің өз үні табылды https://e-history.kz/kz/news/show/1697/ 

Арқалы Аққыз  https://egemen.kz/article/103055-arqaly-aqqyz 

Аққыздың күйі – ұрпаққа өнеге  https://ortalyq.kz/a-yzdy-k-ji-rpa-a-nege/ 

АРҚАДА ӨТКЕН АҚҚЫЗ http://madeniportal.kz/article/93 

«НАРИДІРГЕН». Күйші Аққыз   https://qazradio.fm/shalqarfm/kz/audios/18204 

МҰҢДЫ ҚЫЗ - ХАЛЫҚ КОМПОЗИТОРЫ - АҚҚЫЗ АХМЕТҚЫЗЫНЫҢ КҮЙ МҰРАСЫ (ЖҮТЕУ)

 


Келулердің саны: 426