Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Мағауия Хамзин

   

Мағауия Хамзин 

(29 желтоқсан 1927 жылы, қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қоңырат кенті - 2000) - домбырашы, күйші-композитор, шертпе күйді шебер орындаушылардың бірі. Қазақстанның халық артисі (1979).

Әкесі Хамза мен ағасы Әшімтай ғажайып музыканттар болды. Арғын тайпасы Тобықты руының дадан бөлімінен шыққан. Күйшілік өнерге баулыған әкесі Хамза және Сатан, Хамит, Әшірбек сияқты әнші-күйшілер болды. Ұстазы Аққыздан үйренген Тәттімбеттің "Сары жайлау","Сылқылдақ" күйлерін көркем өнерпаздар үйірмесінде шебер орындап, көзге түсті.

Мағауия Хамзин (1927-2000) - домбырашы, композитор-күйші, ҚазССР-нің халық артісі. 1927 жылы Жезқазған облысында туған. Алматы музыкалық училищесін бітірген, Хамит, Әшірбек, Аққыз сияқты әнші-күйшілерден домбыра өнерін үйренген.

М. Хамзин репертуарында Тәттімбеттің "Саржайлау" күйі, Тоқаның, Дайрабайдың, Аққыз бен Қазақстанның басқа халық композиторлардың күйлері бар. Ол шертпе күйдің шебері. М. Хамзин Моцарттың, Брамстың, Рахманиновтың классикалық шығармаларын тұңғыш рет домбырада орындаушы. Композитор - күйшінің домбырасы да оның орындау мәнері сияқты - ерекше құрылымды және толық дауысты. Хамзиннің шығармашылығы Қазақстандықтар арасында жақсы танымал әрі сүйікті. Оның шығармаларынан белгілілері: "Қос басар","Косманавтар", "Жайлау","Жарыс", "Жас қазақ" күйлері және басқалар             

          Мағауия Хамзин | Discography | Discogs                  Экскурсия по историческим памятникам города Балхаш

Өмірбаяны

1949 жылы Алматы музыкалық училищесін бітірді.

1944 жылы Қарағанды филармониясына қабылданды. Осы кезеңде күйші домбыра өнерінің қыры мен сырын жете меңгерді.

1949 - 1952 және 1958 - 1961 жылдары Қазақтың халық аспаптар оркестрінде қызмет етті.

1952 - 1957 жылдары Балқаш мыс корыту з-тыныи көркемөнер-паздар ұжымын басқарды.

1961 жылдан "Қазақконцертте" жеке домбырашы.

Мағауия 10 жасынан-ақ күйшіліктің жолына түседі. Жылдар өте ол орындаушылықтың өзіндік үлгісін танытады күйшілікті әбден меңгеріп домбыраның құлағында ойнау дәрежесіне жетеді. Ә.Хасенов пен Т.Момбековтерге қарағанда оның домбырашылығы басты негізгі кәсібі болды.

Ол ұзақ жылдар бойы «Қазақконцертте» солист болды. Осы мамандық бойынша Қарағанды филармониясында, Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестрінде, Балқаш кеншілер Мәдениет Сарайында істеді. М.Хамзин бірнеше тамаша күйлердің авторы.

1979 жылы майталман күйшіге Қазақ КСР-ң халық әртісі құрметті атағы берілді.

1998 жылы Құрманғазының туғанына 175 жылдық торқалы тойына арналған «Құрманғазы және Ұлы Дала сазы» атты түркі халықтарының дәстүрлі сазына арналған Халықаралық фестивалінде М.Хамзин әйгілі домбырашы төкпе күйші Рысбай Ғабдиев екеуі «Дәстүрлі музыка өнеріне сіңірген аса зор үздік еңбегі үшін» атты жүлдеге ие болды.

Нет описания фото.

Репертуары    

Хамзиннің репертуарында Тәттімбет, Тоқа, Дайрабай, Әбді, Аққыз, т.б. халық композиторларының күйлері бар. М.Хамзин бірнеше тамаша күйлердің авторы.

Ол қазіргі заман тақырыбына арнап:

  • "Қосбасар" (2 нұсқасы)
  • "Шахтер күйі"
  • "Космонавтар"
  • "Алтын астық"
  • "Жайлау"
  • "Жарыс"
  • "Амангелді туралы күй"
  • "Шопан күйі"
  • "Белгісіз солдат"
  • "Тоқырауын толғауы"
  • "Жас қазақ", т.б. күйлерін шығарды.

Мағауия 10 жасынан-ақ күйшіліктің жолына түседі. Жылдар өте ол орындаушылықтың өзіндік үлгісін танытады күйшілікті әбден меңгеріп домбыраның құлағында ойнау дәрежесіне жетеді. Ә.Хасенов пен Т.Момбековтерге қарағанда оның домбырашылығы басты негізгі кәсібі болды.

          Нет описания фото.           Нет описания фото.    

Мағауия Хамзин – күй құты қонған күйші, танымал сазгер. Оның өзі шығарып, өзі орындайтын «Жарыс», «Көкек», «Жайлау», «Тоқырау толғауы», «Белгісіз солдат», «Алтын асты», «Шопан күйі», «Космонавтар», «Амангелді», «Жас қазақ», «Тоғысу», «Жамбыл толғауы», «Балқаш толқыны» күйлері мен Абайдың төрт әніне және үнді халық әндеріне жазылған попуррилері бар. Бұл туындыларды бүгінде  өзінен дәріс алған дарынды шәкірттері де ойнап жүр.

Қазақстан Республикасының Халық әртісі, шертпе күйдің шебері Мағауия Хамзин жеті жасында Халық композиторы Әшімтай атасынан «Қоңыр қаз», «Сылқылдақ», «Саржайлау» күйлерін үйренеді.

Марапаттары

  • 1979 жылы майталман күйшіге Қазақ КСР-інің халық әртісі құрметті атағы берілді.
  • 1998 жылы Құрманғазының туғанына 175 жылдық торқалы тойына арналған «Құрманғазы және Ұлы Дала сазы» атты түркі халықтарының дәстүрлі сазына арналған Халықаралық фестивалінде М.Хамзин әйгілі домбырашы төкпе күйші Рысбай Ғабдиев екеуі «Дәстүрлі музыка өнеріне сіңірген аса зор үздік еңбегі үшін» атты жүлдеге ие болды.

Дереккөздер:

  1.  https://ru.calameo.com/read/0025301697fa0dca6ac3e
  2.  Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
  3.  Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
  4. https://www.facebook.com/MagauiaHamzin/
  5. https://qazaqstan.tv/news/90624/
  6. https://www.youtube.com/

Келулердің саны: 410