Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Қуаныш Мақсұтов

 

Қуаныш Мәжкенұлы Мақсұтов - 1963 жылы 23 ақпанда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында туған. 1979 жылы осы аудандағы Қаратал орта мектебін, 1988 жылы ҚарМУ-ның филология факультетін бітірген.

Халықаралық, республикалық ақындар айтыстарының, республикалық «Жігер» фестивалінің, Университеттердің Бүкілодақтық фестивльдерінің лауреаты. «Қазақстан» телеарнасында тікелей эфирде өткен республикалық «Аламан айтыс» жарысында «Орақ тілді, от ауызды Ақын» атағы берілген (2006-2008).

Ақындар айтыстарындағы батыл да шыншыл қоғамдық-саяси ойлары үшін халқымыз «Сары Тентек» деп атайды.

       Бірнеше интелектуалдық жобалардың авторы.

«Замандас-Современник» газетінің негізінде жасаған «Қазақстан Республикасының ақпараттық индустриясы» атты жобасын ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев жоғары бағалаған.

Жастардың рухани, мәдени, саяси белсенділігін арттыруға арналған «Балауса» әдеби — шығармашылық бірлестігі» атты жобасы республикалық, одақтық шараларымен танымал болған. Біріккен Ұлттар Ұйымы мен ЮНЕСКО-ның бағдарламалары аясында өз жобаларын жүзеге асырған.

      «Мәңгілік мұңның әуені» атты бардтық әндер жинағы (2013), «Тәкаппар мұңның кербез тамшылары» атты жыр жинағы (2013) жарық көрген.

     «Астана қаласының 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.

     Қарағанды облыстық телевизиясында аға редактор, Қарағанды облыстық «Қазақ тілі» қоғамы төрағасының бірінші орынбасары, Жезқазған облыстық Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы, Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары, «Қазтұтынуодағы» Жезқазған облыстық басқармасы жетекші маманы, Қарағанды облыстық «Замандас — Современник» газетінің бас редакторы, «Сайгез» қорының Президенті, «Маздау» қоғамдық қорының директоры қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытта Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-де қызмет істейді.

          

 

Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ізгі тілегі:

       

 

 

Ақын, бард ,
Қазақтың Сары Тентегі
Қуаныш Мақсұтовтың (#SARY_TENTEK)
"Мəңгілік мұңның əуені" атты бардтық туындылары мен шансондарының альбомы.
(Мəскеу, 2013 жыл).

Альбомға енген туындылардың
әні мен сөзін жазған жəне орындаған:
Қуаныш Мақсұтов. (#SARY _TENTEK)

Бұл альбом 16 жыл бойы дайындалып, əлемдік стандартта Москва қаласында шыққан. Авторлық құқықтары заңмен қорғалған.
Осы альбом негізінде әлемдік музыкаға "Қазақ Барды", "Қазақ шансоны" деген жаңа стильдер енгізілді.
Сапалы музыкалық құрылғылармен тыңдауларыңызды сұраймыз.

                 

 


Келулердің саны: 349