Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Дәуренбек Әркенов

 
Аркенов Дәуренбек Мақсутбекұлы 1977 жылы 19 қыркүйекте Ақтоғай ауданы Корпетай ауылында дүниеге келген. Мектептен соң 1993-1995 ж. Аудан басындағы СПТУ оқу орнын оқыған, сол жылы «Тоқырауын түлектері» ансамблінің құрамында Үнді еліне гастрольдік сапарымен барып қайтқан. 1995-1998 жылдары Балқаш қаласындағы пед. Колледжін музыка бөлімін оқыды. Еңбек жолын қала мектептерінен бастады №8, №9. 2000 жылдан бастап Мағауя Хамзин атындағы мысшылар мәдениет сарайында жұмыс жасады, «Сарыарқа» фолклорлық ансамблінін көркемдік жетекшісі болды.
2002 жылы Республикалық Әміре Қашаубаев атындағы ән байқауынын дипломанты.
2002 жылы Халықаралық Шабыт фестивалінің Жәнибек Карменов атындағы арнайы жүлденін иегері.
2003 жылы Республикалық Кенен Әзірбаев атындағы ән байқауының І орын жүлдегері.
2004 жылы Республикалық Жүсіпбек Елебеков атындағы ән байқауынын бас жүлдегері.
2006 жылдам бастап Қарағанды қаласындағы Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестікте еңбек жолын жалғастыруда. Гострольдік сапарымен Германия, Франция, Кувейт, Турк елдерінде болып қайтты.
2011 жылы ҚР Мәдениет қайраткері атағынмен марапатталды.
2012 жылдан Қарағанды қаласында Тәттімбет атындағы өнер колледжінде қосымша сабақ беріп шәкірт тәрбиелеуде.
2015 жылдан бастап Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестікте «Арай» ансамблінін көркемдік жетекшісі. Ән керуен”, “ Бақыт жыры” кітабінің құрастырушысы. Шығарған үн таспалары “ Ән Дәурен”, “ Сырнайы сазды сырласым, “Ән ғұмырым-мәнгі жырым Ақтоғай”, “ Ән серігім”.
Жеке шығармашылығында 15 әннің авторы.
2022 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен « Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.
 

Келулердің саны: 301