Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Сарыарқаның текті азаматы

Ақтоғай аудандық кітапханасында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің генерал - майоры, Балқаш қаласының Құрметті азаматы, Астана қаласының маслихат депутаты Кендебай Сарыбайұлы Адамбектің 60 жылдық мерейтойына арналып жазылған " Сарыарқаның текті азаматы" атты кітаптың таныстырылымы өтті. Қарапайым отбасында дүниеге келіп, еңбек жолын жерасты шахтасында электрослесарь, электромеханик болудан бастап, білімі мен тәжірибесінің арқасында әскери қызметтің биік дәрежесіне жеткен азаматтың еңбегі орасан. Ұлттық қауіпсіздік комитетінде ел тыныштығын қалтқысыз күзетіп, терроризм мен экстремизмге қарсы операциялары үшін орден, медальдармен марапатталған. Әрдайым қазақ тілін қолдап, Қарағандыдағы Ленин көшесінің Абай көшесі болып аталуына, Октябрь ауданының Әлихан Бөкейхан ауданы болып аталуында Кендебай Сарыбайұлының еңбегі - зор. Азаматтың еңбегін, ерлігін насихаттайтын бұл еңбек - өскелең жас ұрпақ үшін үлгі - өнеге.
 
 
 
 

Келулердің саны: 64