Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Менің мамандығым - менің таңдауым

Бүгін Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Сарыжайлау» кинотеатрында «Менің мамандығым - менің таңдауым» атты салтанатты шара өтті.
Жылулыққа толы атмосферада облыстың кітапхана саласындағы үздік мамандары марапатталды. Олардың қоғам алдындағы адал еңбегі, кітапхана ісін дамытуға қосқан зор үлесі мен шығармашылық жетістіктері жоғары бағаланды.
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Құрмет грамотасымен кітап қорын толықтыру бөлімі кітапханашысы Байжасарова Саягүл, "Алғыс хатымен оқу залы кітапханашысы Балтабаева Жанаргүл марапатталды.
Сонымен қатар, Н.В. Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Кітапхана көкжиектері: ауылдық кітапханалардың жаңа мүмкіндіктері» жобасы аясында «Ауыл кітапханасына кітап сыйла» акциясы мен «Кітапхана – ауыл өмірінде» облыстық байқауының "Үздік кітап көрмесі" номинациясының жеңімпазы Сарытерек ауыл кітапханасы аталды және Шашубай кенті, Жидебай ауыл кітапханалары арнайы сыйлыққа ие болды.
 

Келулердің саны: 66